Жедел жәрдем көлігі бүлдіршін қызды Шымкентке алып келе жатып, апатқа ұшырады

Oinet.kz 26-02-2020 1339

Түркістан облысында жаңа туған Райана  Жеңісбектің ата-анасы дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушісін жауапқа тартуды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

скорый.jpg

Олардың айтуынша, қыздары ауруханаға жеткізу кезінде жол көлік оқиғасынан зардап шеккен. 

Райана 16 ақпанда Арыс қаласындағы ауруханада мезгілінен бұрын дүниеге келген. Екі күннен кейін дәргерлер ананы ауруханада тағы бір күн қалдырып, сәбиді Шымкенттегі медициналық мекемеге жіберуге шешім қабылдаған.

Қалаға қарай бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігі ЖКО-на ұшыраған. 

"Оқиға туралы біз бір тәулік өткен соң ғана білдік. Шымкенттегі ауруханада бізге жол көлік оқиғасы болып, қызымыздың ауыр жағдайда екенін айтты. Ал Арыста ол жылап, қол-аяқтарын қимылдатқан болатын", - деді сәбидің әкесі Бақтияр Анықбаев.

Ол аурухана басшылығы нәрестенің жедел жәрдем көлігінде зардап шеккенін жасырып қалуы мүмкін деп қорқады. 

Ал дәрігерлер апаттың жеңіл болып, нәрестенің зиян көрмегенін айтты.

Олар сәбидің ауыр жағдайын мерзімінен бұрын, тыныс алу жолдарындағы қиындық синдромымен туғандықтан деп отыр.

"Жеткізу болды. Біздің қаладан шығар уақытта машина аздап соқтығысып қалды. Содан кейін, көлікті кері қайтарып, басқа көлікті жібердік. Және екінші ауруханаға жеткізілді. Бүгінгі таңда бала сонда", - деді Арыс қаласының орталық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Әлібаев.

Облыстық перинаталдық орталықта сәбидің ауыр жағдайда екенін растады. Нәресте тыныс алу аппаратында жатыр. Бірақ бұл апаттың емес, туған кезде қойған диагноздың нәтижесі.

"Баланы тексердік. Бас миының ультрадыбыстық тексерісі өткізілді. Онда ешқандай өзгерістер тіркелмеді", - деді Түркістан облыстының №2 перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасыары Мадина Мамбетова.

Дәрігерлер нәрестенің жағдайы туралы болжамды бермеген. Ал қыздың ата-анасы полицияға арыз берген. Қазіргі таңда апатқа байланысты істі тергеу басталған. 

Таразда ұстаздың жолдаған бейнеүндеуінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
Тоқаев әкімдердің есеп беруіне өзгеріс енгізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу