БҚО-да мемлекеттік қызметшіге шабуыл жасағандар ұсталды

Oinet.kz 04-03-2020 938

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшіге шабуыл жасағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме берген Oinet.kz. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 наурызға қараған түні Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында болған. 

БҚО-да мемлекеттік қызметшіге шабуыл жасағандар ұсталды

Теректі ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының үйіне үш адам заңсыз басып кіріп, күш қолданамыз деп қауіп төндірген. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі (өзiнше билiк ету) және 149-бабы 2-бөлігіне (тұрғынжайға заңсыз басып кіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге қатысты сотпен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беру шарасы қолданылды. 

Дәлелдемелерді бекіту мақсатында жедел тергеу амалдары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, оқиға мемлекеттік сатып алуға байланысты туындаған. 

Бөлім басшысы Аслан Даубаевтан конкурста ұтылып қалған мекеме атынан келгендер мемлекеттік сатып алудың қорытындысын қайта қарауды талап еткен. Мемлекеттік қызметші заңға сүйеніп, бұған илікпеген. Содан ашуға мінген күдіктілер қоқан-лоққы жасап, күш қолданбақ болған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің ауруханаға жүгінгенін, денесінің әр жері аздап көгергенін жеткізді.

Коронавирус Қытайдан бөлек 72 елде анықталды
Дариға Назарбаева: «Әйелдер жеңіл өнеркәсіпті дамытуда»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу