Түркістан жоғары медициналық колледжі

Oinet.kz 05-09-2018 3051

Screenshot_1.jpg

Бүгінде Түркістан жоғары медицина колледжі – республикамыздағы алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі. Оның бай тарихы 1965 жылы тамыз айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №1786-Р жарлығына сәйкес аталмыш оқу орны өз алдына дербес Түркістан медицина училищесі болып ашылғаннан басталады. Содан бері оқу орны жарты ғасырлық тарихында 40 мыңнан астам білікті маманды даярлады. Олар республикамыздың түпкір-түпкірінде, алыс және жақын шет мемлекеттерде де сәтті қызмет етуде.

Ғалымжан Нұрманұлы Бимурзаев колледжді 2009 жылдан бері басқарып келеді. Оның үздік ұйымдастырушылыығы мен іскерлігінің арқасында Түркістан жоғары медицина колледжі терең дәстүрге ие, жоғары сапа кепілі болып табылатын, тиімді басқару жүйесімен ерекшеленетін республикамыздың алдыңғы қатарындағы заманауи беделді оқу орнына айналды.

Қазіргі таңда колледждің мықты материалдық-техникалық базасы бар: 5 қабатты 2 оқу ғимараты, заманауи модификациядағы 105 оқу лабораториялары мен пән бөлмелері, оқу теледидары, электрондық кітапхана, 4 қабатты жатақхана, спорт кешені, бассейн, кітапхана, 3 оқу залы, 5 компьютер класы, 2 лингафондық бөлме, 20 интерактивті тақтамен жабдықталған дәріс бөлмелері, «ЛАМАЗ» мектебі, клиникаға дейінгі бөлмелер, қалыпты және патологиялық анатомия мұражайы, фитобар, фитоогород, оқу дәріханасы. Барлық пән бөлмелері жергілікті интернет желісіне қосылған, олардың соңғы үлгіде жабдықталып, озық технологиялармен қамтамасыз етілуі оқу үрдісінде визуалды ақпаратты (презентацияларды, оқыту бағдарламаларын) кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Дуалды оқытудың принципін жүзеге асыратын колледжде терапиялық, хирургиялық, акушерлік, педиатриялық, мейіргер ісі бойынша 5 симуляциялық орталықтар мен жекеленген стоматологиялық оқу-поликлиникалық орталығы қызмет етеді. Стоматологиялық клиникасында болашақ мамандар гипстен жасалған анатомиялық қалыптарды моделдеу дағдыларымен, алынатын, алынбайтын протездерді дайындау техникасымен қаруланады, оклюдаторға гипстеу жасайды, ортогнатикалық тістеу арқылы салыстырады және т.б. Клиника заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, құрал-саймандармен, аппараттармен жабдықталған 4 терапиялық, 2 хирургиялық және 1 ортопедиялық кабинеттерден, стерилизациялық, рентген, физио бөлмелері, зертхана, тіс техникалық зертхана, регистратура, санитарлық бөлме және гардеробтан тұрады. Клиника қызметі колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуына ықпал етеді.

Колледж студенттерінің білім деңгейі мен практикалық дағдыларын бағалау симуляциялық орталықтарда клиницист-дәрігерлер мен аға медбикелердің қатысуымен жүргізіледі. Симуляциялық орталықтар клиникалық дағдылар бойынша ең қарапайым тренажердан күрделі командалық симуляциялық интерактивті бағдарламалық муляждар мен заманауи соңғы үлгідегі оқу құралдарымен кең қамтылған. 

Колледждің мақтанышы – бұл анатомиялық мұражай. Мұражай негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі негізгі мұражайлық бөлім, екіншісі мәйітхана. Мәйітхана іштей ылғалды препараттар сақталатын бөлмеден, препараттау бөлмесінен және мәйіттер сақталатын үш бөліктен тұрады. Мәйітханада студенттер мұражайлық бөлімі белгілі реттілікпен орналасқан анатомиялық экспонаттардан тұрады. Анатомиялық мұражай күрделі жөндеуден өтті. Осы жаңаланған, жетілдірілген музей базасында биыл 30 наурызда «Үздік анатом – 2018» атты еліміздің медициналық колледждері студенттерінің арасында онлайн режимінде республикалық деңгейдегі интеллектуалды байқау өткізілді. Бұл сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен 22 үміткер қатысып, оның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп кетті.

Түркістан жоғары медицина колледжінде білім алушылардың білім алу және жеке мансаптық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында барлық жағдайлар жасалынған. Колледж қызметкерлері мен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу корпустарында, жатақханада, симуляциалық орталықтарда, тест орталығында бейне бақылау орнатылған.

Секциялы, 300 студентке арналған жатақхана қызмет етеді. Жатақханадағы демалыс бөлмесі, оқу залы теледидармен, компьютерлермен қамтамасыз етілген. Автоматты кір жуу машинасы, ет тағамдарын сақтау үшін тоңазытқыштар, аристон, студенттердің тұрмыстық жағдайын жеңілдетуде. Жатақханының аймағы көгалдандырылып, студенттер аллеясы студенттердің демалыс орнына айналған.

Колледжде 80 орындық асхана бар. Медициналық қызмет көрсетуге арналған медпункт бар. Онда қабылдау бөлмесі, изолятор, процедуралық бөлме ашылған. Салтанатты іс-шаралар өткізуге 150 орындық акт залы, 60 орындық конференция залы бар.

Кітапхана студент жастарға заман талабына сай білімінің, ғылыми, мәдени дамудың жетістіктерін насихаттауда өз үлесін қосуда. Кітапханада абономент, оқу залы және мерзімді басылымдар бөлімі қызмет көрсетеді. Кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуда, кітапхана қорларын қазақ тіліндегі оқулықтармен толықтыра түсуі үшін колледж әкімшілігі тарапынан көптеген қолдау көрсетілуде. Қазіргі таңда кітапхана қоры – 74 мың 389 дана оқулық. 70 орындық оқу залында және мерзімді басылымдар бөлмесінде студенттер өздеріне қажетті ғылыми, көркем және анықтамалық әдебиеттерді кеңінен қолдана отырып реферат, конспект жасауға кеңес алады.

Конференция залы 20 студиялық микрофон, 20 «ASUS» планшеттер, LOTOS мультимедиалық трибуна және енді экранды теледидармен жабдықталған.

Колледждің спорт кешені 872,8 шаршы метрді құрайды. Ол спорт залы, жазғы спорт алаңы, бассейннен тұрады. Үстел теннисіне арналған арнайы бөлме бар. 7 спорт секциясының жұмысы түрлі тренажерлар, орындықтар, доп, гантель, шашка, шахмат спорт киімінің комплекттерімен жабдықталған. Спорт кешенінде душ бөлмелері, киім ауыстыратын, оқу бөлмелері қарастырылған.

Білім алушылардың кәсіподақ комитеті кәмелет жасына толмаған жартылай жетім, тұл жетімдер, мүгедектерге және балалары бар жас отбасылы білім алушыларға материалдық көмек көрсетуге, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға қаражат бөледі. Тұл жетім білім алушылар топ кураторы мен колледж психологының қамқорлығында. Оларға арналған жоспар бойынша психологиялық тренингтер, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Шәкірттерді ізгілікке тәрбиелеуде, олардың шеберліктерін, біліктіліктерін арттыру мақсатында колледжде 209 оқытушы жұмыс істейді. Олардың 93-і жоғары медициналық білімді мамандар. Оның ішінде, 3 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 35 магистр, 40 пайызы жоғары және бірінші санатты дәрігерлер мен педагогтар, Алтауы ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, бесеуі ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» атты төсбелгілерінің иегерлері, төртеуі «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» атты медалімен марапатталған.

Г.АЛДАБЕРГЕНОВА

Елжан Біртанов: «Карантинде шамамен 992 адам бар»
Тәжікстанда жамағатпен намаз оқуға тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу