Алматыда 3 бала өртке оранды

Oinet.kz 06-03-2020 941

Алматы облысының Есік қаласында жеке тұрғын үйдің өртенуі салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өртӨрт 4 наурыз күні болған.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық көп салалы ауруханасына өрттен зардап шеккен 68 жастарғы адам жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланды.

"Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, барлық жетекші медициналық мамандар тартылды, дәрігерлер пациенттің өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін жұмсауда", - деді аудан ауруханасының баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, аурухана ұжымы оқиғаны орны толмас қайғы екенін атап өтіп, балалардың ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтты.


Түркия депутаттары жаппай жаға тартысты
Қаза болған жігітке айып тағылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу