Коронавирустан емделген науқас өмір бойы демікпеден зардап шегеді

Oinet.kz 10-03-2020 815

Аспан асты елінде тараған COVID-19 вирусының таралуы әлем бойынша пандемия дертін қоздыруы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

f27cd479_c753_4ba1_800e_7234cb3de6d2_650x410.jpg

Гебрейесустың сөзінше, пандемия шын мәнінде қауіп төндіріп тұр. Ол әлемде біркелкі таралып жатқан жоқ. Жұқтырудың басым бөлігі кейбір мемлекеттердің тек кішігірім топтарында тіркелген деп жазады ТАСС.

ДСҰ-ның басшысы пандемия туындаған жағдайда оны шешуші шаралар арқылы бақылауға алуға болатынын айтты.

Оның айтуынша, аспан асты елінде медициналық мекемелерден науқастардың жетпіс пайызы үйлеріне қайтарылған. Олардың барлығы коронавирустың жаңа түрінен айығып шыққан.

Гебрейсус Оңтүстік Кореяда ауруды жұқтырғандардың саны қысқарғанын және Италия билігінің барынша коронавирусқа төтеп беру амалдарын жасап жатқанын атап өтті.

ДСҰ басшысы барлық елдерге аурумен күресу үшін қолдан келген барлық шараларды жасауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ухань қаласындағы университеттің ғалымдары аталған дерттен емделіп шыққан адамдар өмір бойы осы аурудың зардабын тартуы мүмкін деген тұжырым жасағанын хабарлаған едік.

Чжуннань ауруханасының қызметкері Пэн Чжиюн бұл дерттен айыққан науқас өмір бойына демікпеден зардап шегетінін айта кетті.

Алматыда әйел құқығын талап еткен ару қыздар көшеге шықты
Тоқаев экономикалық ахуал туралы кеңес өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу