Қазақстандықтардың зейнетақысы долларға айналуы мүмкін бе

Oinet.kz 10-03-2020 1275

Баспасөз өкілдерімен сұхбат барысында Ұлттық экономика министріне қазақстандықтардың зейнетақыларын долларға аударып, оларды шетелдік валютада жинауға бола ма деген сұрақ қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Руслан Дәленовтың айтуынша, зейнеатқыны өзге валютаға ауыстыру - пікірталас туындататын мәселе.

Министрдің сөзінше, инфляция мемлекет тарапынан өтеледі. Ол әр адамға зейнетақы жинақтары бойынша барлық өтемақыны өз бетінше есептеуді ұсынып, қазақстандықтардың теңгедегі жинағы қорғауда екенін айтты.

Ал зейнетақыны шетелдік валютаға ауыстыру туралы сауалға Дәленов "бұл пікір таластыратын мәселе" деп жауап берген. Ол алдымен жалпы қазақстандық қоғамның пайдасын есептеу керек деп санайды.

Сондай-ақ, журналистер министрден "зейнетақы қорындағы ақшаңызға алаңдайсыз ба?" деп сұраған. Өз кезегінде Дәленов кез келген адамның алаңдайтынын айтып жауап берді.

Қазақ жігіті 6 мың литр қан тапсырып Қытайлықтарды аман алып қалған
Бекшин: «Елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу