Қазақ жігіті 6 мың литр қан тапсырып Қытайлықтарды аман алып қалған

Oinet.kz 10-03-2020 3129

Бірнеше жыл бұрын Қытайға студент болып келген Руслан Төленов алты мың литр қан тапсырып, елдегі науқастардың өмірін аман сақтап қалған. Оның қан тобы аспан асты елінде сирек кездесетін "панда қаны" атауымен танымал қан топтарының бірі. Жас жігіт ақпан айында Хайнань провинциясында 400 миллилитр қан тапсырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

446c029b-bf4f-4fa4-ba6f-fa0e5f963532.jpg

Коронавирус пайда болған уақыттан бастап қан донорлығы күрт қысқарды, ал Төленовтің қан тобы өте сирек кездеседі, тіпті, іс жүзінде оны іздеп табу мүмкін емес.

28 жастағы Төленов 2009 жылы Қытайдағы Хайнань университетінің іскерлік әкімшілік факультетіне түсіп, сол сәттен бастап бүгніге дейін 6000 миллилитрден астам қан тапсырып үлгерген. Бұл әдеттегі ересек адамның барлық қанынан артық.

ҚХР мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапарында Назарбаев университетінде сөз сөйлеу кезінде қытайлық науқастардың өмірін құтқаруға және екі елдің достығын жүзеге асыруға көмектескені үшін Төленовке ризашылығын білдірді.

- "Басқаларға көмектесу мен үшін маңызды. Мен қан тобы сирек кездесетін адамдарға негізделген әлеуметтік топтармен байланыс орнатамын. Әрқашан керек болған жағдайда көмектесуге дайынмын", - деді ол.

Ол 2009 жылы университетте ерікті түрде донор болған кезде өзінің қан тобының сирек кездесетінін білген.

Хайнань провинциясының қан орталығы қызметкері Чженг Рида қан тапсыратын донорлар санының Хайнаньда өсіп келе жатқанын айтты. Көптеген адамдар, соның ішінде аралда тұратын шетелдіктер Төленов секілді қазіргі індет кезінде қан тапсыруға ұмтылуда.

- "Қанша қан тапсырғаныма назар аудармаймын. Мен тек қанымның біреуге көмектесе алатанына қуаныштымын. Хайнань менің екінші үйім. Осы аралда көп нәрсені үйрендім", - деді Руслан.

Естеріңізге сала кетейік, Моңғолияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Кәсіпкер миллион теңгеге гүл алып, әйелдер қауымын тегіс құттықтады
Қазақстандықтардың зейнетақысы долларға айналуы мүмкін бе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу