Дариға Назарбаеваға әлемдік "Paigham-e-Pakistan" 2020 бейбітшілік сыйлығы табыс етілді

Oinet.kz 12-03-2020 4763

Paigham –e-Pakistan - зорлық-зомбылыққа, экстремизм мен лаңкестікке қарсы фетва.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваға Ислам зерттеу институты (Исламабад, Пәкістан) кеңесінің атынан "Paigham-e-Pakistan" 2020 бейбітшілік сыйлығы табыс етілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыйлық Дариға Назарбаеваға Қазақстан қоғамындағы ұлттық ынтымақтастықты, бірлік пен әлеуметтік әділдікті нығайтудағы сіңірген еңбегін мойындау белгісі ретінде табыс етілді.

Бұл награда дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету және әлемдік, дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу ісіндегі күш-жігері үшін алғыс ретінде беріледі, - деп атап өтілген Ислам зерттеу институты кеңесінің хатында.

Paigham-e-Pakistan - зорлық-зомбылыққа, экстремизм мен лаңкестікке қарсы фетва.

Тоқаевтың шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін
Темекі тартатындарға коронавирус жұға қоймайды – ғалымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу