Мәскеуде Путиннің президенттіктен кетуін қалағандар митингке шықты

Oinet.kz 12-03-2020 1329

Мәскеуде белсенділер екінші күн қатарынан Конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсы бірадамдық митингке шықты. Бірер күн бұрын Мемлекеттік дума қазіргі басшы Владимир Путиннің президенттік мерзімдерін жою жөнінде Негізгі заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдаған, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

ms-93512-3.jpg

"МБХ медиа" мәліметінше, акцияға 100-ге жуық адам жиналған. Олар "Жетер енді", "Кет" деген плакаттар ұстап шыққан.

Акция Владимир князьдың ескерткіші маңында өтті. "Коммерсант" газетінің хабарлауынша, оннан астам полиция қызметкері бақылап тұрған. Олар акцияға келгендердің бәрінің жеке құжатын тексеріп, мәліметтерін жазып алған.

Сейсенбі күні Мемлекеттік думаның жалпы отырысы кезінде "Единая Россия" партиясының өкілі Валентина Терешкова Конституцияға Путиннің президенттік мерзімдерін жою туралы ұсыныс берді. Оның мәлімдемесінен кейін думаға президенттің өзі келді. Ол егер Конституциялық сот заңға қайшы деп таппаса, бұл бапты енгізуге қарсы емес екенін жеткізген.

Конституцияға енгізілген барлық өзгерістер 22 сәуірде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылады.

ЮКОС-тың бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский Негізгі заңға енгізіліп отырған өзгерістер елді артқа сүйрейді деп есептейді. Өзгермейтін жүйе, тәуелді соттар болады деді.

Владимир Путин Ресей билігінде 20 жылдан астам отыр. Ол төрт рет сайланып, екі рет үкіметті басқарды. Егер Констиуцияға енгізілген өзгерістер күшіне енетін болса, Путин 2036 жылға дейін билікте отыра алады.

Оралда 9-сынып оқушысын достары зорлаған
Елімізде коронавирусқа байланысты мектеп оқушылары каникулға жіберіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу