Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін - маман

Oinet.kz 16-03-2020 756

Америкалық маман жақында Қытайда CODID-19 эпидемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл жарияланған карантинді алып тастағаннан кейін болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Қытайдағы ахуалды АҚШ-тың танымал дәрігер-инфекционисті Энтони Фаучи сараптаған.

Дәрігердің сөзінше, Қытайда эпидемияның екінші толқыны басталуы мүмкін. Маманның айтуынша, бұл барлық шектеулер алынып, адамдар қалыпты өмірлеріне қайта бастаған кезде болмақ. Фаучи бұл жағдай болмайды деген үмітте екенін, алайда мұны жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

Одан бөлек, ол АҚШ аумағындағы эпидемия жайлы да сөз қозғаған. Ғалымның сөзінше, вирустың таралуы бір-екі айдың ішінде тоқтауы мүмкін. Бұл тұрғындарды қорғау үшін биліктің қандай шешім қабылдайтынына байланысты.

Фаучидің айтуынша, АҚШ-тағы індет динамикасы Қытай немесе Оңтүстік Кореямен ұқсас болады.

Доллар 550-ден де асып кете ме – Марғұлан не дейді?
Доллардың құны 450 теңгеге көтерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу