Коронавирусқа байланысты «Азан» мәтініне өзгеріс енгізілді

Oinet.kz 17-03-2020 1886

Кувейтте намазға шақыратын азан мәтініне ішанара өзгеріс енгізілді. Жер-көкті жайлап, жолындағысын жайпап бара жатқан індетке байланысты азан мәтініне өзгеріс хадиске сай енгізілген, деп жазады Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

e6662c5fb197ebdcd96db7a2f7c22e7c.jpg

- Ендігі жерде азаншы "Һай ала ас-саллаһ" (намазға асығыңдар) тіркесінің орнына "саллу фи буюткум" (үйлеріңде намаз оқыңдар) дейтін болады. Мұндай өзгеріс аса шұғыл, төтенше жағдайда енгізіледі. Саңлақ сахабалардың бірі Ибан Аббастан (р.а.) жеткен хадисте нөсер құйып тұрған күндердің бірінде ол: "Әшһаду анна Мұхаммәдән Расул-Алла" сөзін айтқаннан кейін "Һай ала ас-салаһ" емес, "Саллу фи буютикум" деп айт деген. Оның бұл әрекетін құптамағандарға ол: "Менен абзал адам (Пайғамбарымызды айтып отыр – ред.) осылай істеген. Расында, жұма намазы парыз, алайда, сіздерге ауырлық түсіргім келмейді. Өйткені лай-батпақ кешіп жүруге тура келеді",- деп жауап қайтарған.

Дінді қиындатпаңдар деген өсиетке сай осындай қадамға баруына тура келгені айтылған хабарламада. 

Ғалымдар коронавирустың белгілері кімдерде байқалмайтынын айтты
Жеке кәсіпкерлер табыс салығынан босатылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу