Карантин режимі қашан алынады

Oinet.kz 24-03-2020 1334

Елордада карантин режимі 15 сәуірге дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадан төтенше жағдай режимі қашан алынады

«Карантин режимін алып тастауға қатысты шешімді әкім қабылдайды. Меніңше, коронавирусқа қатысты жағдайды ескере отырып, ол 15 сәуірге дейін жалғасады. Сондықтан осы мерзімге дейін Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі болуы мүмкін», - деді Юрий Ильин. 

Оның атап өтуінше, елордамен қатар қала төңірегіндегі елді мекен әкімдіктері қарды сыртқа шығару жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Жалпы ел бойынша 17 млн тоннадан астам қар елді мекендер аумағынан тысқары шығарылған.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуде
Дос Көшім: «Ринат саясаттың ішінде жүрген адам емес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу