Дос Көшім: «Ринат саясаттың ішінде жүрген адам емес»

Oinet.kz 24-03-2020 1454

Қоғам қайраткері Дос Көшім белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытовтың сайлау кезінде дауыс жинауға көмектескендігін жеткізді. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

c5e8de24-7266-4ed2-aebb-c0cf78dc3648.jpg

- Мен өте жақсы баға берер едім, біріншіден. Себебі, Ринат маған телефон соқты, бір рет. Сөйтті де  айтты, сайлау келіп қалды маған қандай көмек керек деп.  Мен айттым қол жинауға көмектес деп. Себебі, қол жинау қиын болды ғой 121 мың қол жинауымыз керек. Сосын барып әрі қарап жұмыс істеді. Менің естуімше ол жаңағы Әміржан бізді алдап кетті дегенге ол да қосылып, бізге қарсы сөз айтты дегенді мен бәріне қолымды бір-ақ сілтеймін. Әңгіме онда емес. Әңгіме Ринаттың әрбір сөзі қазақтың көшеге алып шығатынында. Қазақты өзгертетін де сөз. 5-6 адам бар болса соның бірі Ринат. Оның әрбір айтқан сөзі мірдің оғындай дейді, қазақ айтады. Сондықтан, осы сайлауда бізді қолдағанына мен оған өте ризамын және оның қатты шығып дауысты талап еткеніне де ризамын. Бірақ біреулер айтады одан кейін шығып кешірім сұрады деп. Бірақ, оның кешірім сұрағанын дәл Әміржан сияқты деп түсінемін, - дейді саясаткер.  

Тіпті, Ринат Зайытовтың саясаттың ішінде жүрген адам еместігін тілге тиек етті. 

- Бұл сын. Мүмкін халыққа ренжіген шығар, мүмкін Әміржанға ренжіген шығар, мүмкін біздерге ренжіген шығар. Ол саясаттың ішінде жүрген адам емес. Ол ертең бәрібір шығады. Асыл пышақ қыл түбінде жатпайды дейді ғой. Ол қазіргі кезде қандай деңгейде қабылдады, бізге, қоғамға көзқарасы қандай білмеймін. Менің ойымша мен білетін Ринат болса әлі қайталап шығады. Әлі бір жерді жарып шығады. Себебі, ондай сондай бір қасиет, талант бар. Мүмкін саясаткер болмайтын шығар. Бірақ, саясаттың кезіндегі халықты бір жаққа бағыттайтын адам болатыны айдан анық, - дейді қоғам қайраткері.  

Карантин режимі қашан алынады
Әйгілі италиялық актриса Лючия Бозе коронавирустан қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу