Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны арта түсті

Oinet.kz 25-03-2020 1071

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

143514.jpg

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді.

Қытайда жаңа емі жоқ вирус пайда болып, 1 адам қайтыс болды
Қолдан жасалған індет ауылды күйретіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу