ҚР Бас санитары: «Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі»

Oinet.kz 01-04-2020

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

15df1ed7e12391b1c767d29b984db4bf (1).jpg

Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысында тапсырма берді. 

- «Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», - деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. 

Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады. 

Еске сала кетсек, аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режім талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.

Бердібек Сапарбаев: «Бағаның өсуі көптеген сауда желілерінде байқалуда»
Оңайгүл Тұржан: Дәл қазір қанағатшылдық концепциясы аса маңызды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×