Қарағандыда қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы ұсталды

Oinet.kz 06-04-2020 1516

3 сәуірде хабарланғандай Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінде 1 айлық сәби табылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

news_full1585808783d73cb274a4a80f8e30218af7e2878f8c.jpg

Қызды жедел жәрдем дәрігерлері тексеріп, оның денесінен ешқандай жарақат байқамаған.

Полиция департаментінің басшылығы көкек ананы анықтау үшін криминалды полицияның және жергілікті полиция қызметінің ең тәжірибелі мүшелерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық құрамы бағдарланды.

6 сәуір күні арнайы іс-шаралардың нәтижесінде й Қарағанды қаласының полиция басқармасы мен Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің "адам өлтіруге оқталу" бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Бас санитар: Карантиннің аяқталуы – әрбір азаматтың тәртібіне байланысты
«Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу