Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов өмірден өтті

Oinet.kz 14-04-2020 1725

14 сәуірде Қазақстан спортына үлкен еңбек сіңірген белгілі азамат Бекет Сапабекұлы Махмұтов өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап. 

image.png

Оның есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері болды, самбодан КСРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Б.Махмұтов 1939 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін бокс және дзюдо спортының дамуына арнады. 1993-2000 жылдарда еліміздің бокс федерациясына жетекшілік етті. Бұл кезеңде қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш Олимпиадада тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрінді. 1996 жылы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола, 2000 жылы 2 алтын, 2 күміс медаль алды. Ол 1996-2006 жылдарда Халықаралық бокс федерациясында (AIBA) вице-президент қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол 2009 жылдан бастап еліміздің дзюдо федерациясына жетекшілік жасап, оны жоғары деңгейге көтеруге күш салды. Нәтижесінде 2009 жылы Максим Раков әлем чемпионы атанды. 2010 жылы Елдос Сметов жастар арасында сол биіктен көрініп, кейіннен ересектер арасында әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері болды.

2 миллионнан аса адамға әлеуметтік төлем тағайындалды
Қазақстан Қытай Елшісіне наразылық білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу