«Бүгін Түркістан жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды»

Oinet.kz 18-04-2020 730

Screenshot_22.jpg

Оңтүстік өңіріне белгілі азамат, құрметті әріптес Әліпбек Шәріпбекұлының қазасын ауыр күйзеліспен қабылдадым.

Саналы ғұмырын өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған абзал азамат еді. Облысты басқарған жылдары сенімді серіктерімнің бірі болды. Қандай бір жауапты мемлекеттік қызметте болмасын Әліпбек Шәріпбекұлы білікті де іскер ұйымдастырушы, әрбір істің көзін таба білетін талапшыл басшы бола білді. 

Бүгін Түркістан жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды. 

Әліпбек Шәріпбекұлының қазасына байланысты оның отбасына, туған-туыстары мен ұрпақтарына көңіл айтамын. Асыл азаматтың бейнесі есімізде мәңгі сақталады. 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ

Сабыр сақтап, парасаттылық танытайық!
«Істің көзін таба білетін бастамашыл қасиеттерімен ел есінде»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу