«Істің көзін таба білетін бастамашыл қасиеттерімен ел есінде»

Oinet.kz 18-04-2020 754

Screenshot_22.jpg

Түркістан облысының жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды. Саналы ғұмырын облыстың экономикасы мен әлеуметтік дамуына арнаған абзал азамат, Ордабасы ауданының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы 58 жастан асқан шағында мезгілсіз дүниеден озды.

Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген.  Мамандығы бойынша – химик-технолог.

Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті болып бастаған. 1983-2005 жылдары құрылыс саласында еңбек етіп, 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Ордабасы ауданының әкімі қызметтерін абыроймен атқарды.

Қоғамға сіңірген еңбегі үшін Әліпбек Өсербаев бірнеше мемлекеттік  наградалармен марапатталды. Оның ішінде «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары мен «Құрмет» орденінің иегері.

Әліпбек Шәріпбекұлы қандай да бір жауапты мемлекеттік қызметте болмасын өзін іскер ұйымдастырушы, талапшыл басшы, біліктілігінің арқасында әрбір істің көзін таба білетін бастамашыл қасиеттерімен облыстың дамуына өзіндік еңбегін сіңірді. Оның ішінде Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық, өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты. Өмірін туған өңірге қызмет етуге арнаған ел азаматының бейнесі халықтың есінде әрқашан сақтала бермек.

Әліпбек Шәріпбекұлының өмірден өтуіне байланысты оның отбасына, ағайын-туыстары мен ұрпақтарына, облыс жұртшылығына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Ө.Шөкеев, Қ.Балабиев, Қ.Айтмұхаметов, Ә.Тұрғымбеков, Ж.Аманбаев, Ұ.Тәжібаев, М.Мырзалиев, С.Қалқаманов, Б.Тәжібаев, Ж.Мәуленқұлов, Ө.Мелдеханов, Р.Аюпов, Ж.Әзіретбергенов, Т.Әбдіқайымұлы, Б.Садвахасов.

«Бүгін Түркістан жұртшылығы, зиялы қауым ауыр қазаға душар болды»
ҚР Президенті челленджді қолдап, өзі оқып жатқан кітап-басылымдардың тізімімен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу