Қытайлық ғалымдар коронавирусқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Oinet.kz 21-04-2020 1925

Зерттеу кезінде науқастардағы коронавирустың түрлі мутациясы бақыланды. Түрлі штамм адам ағзасында қаншалықты жылдам пайда болып, қалай зақымдайтыны зерттелді

13650520.jpg

COVID-19 ауруының патогенезі оны қоздыратын SARS-CoV-2 штаммына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Қытайдың Чжэцзян университетінің зерттеушілері осындай қорытынды жасады. Ақпарат MedRxiv порталында жарияланған. 

Зерттеу кезінде ханчжоулық науқастардағы коронавирустың түрлі мутациясы бақыланды. Түрлі штамм адам ағзасында қаншалықты жылдам пайда болып, қалай жоютыны зерттелді.

Нәтижесінде бұл науқастарда байқалған ең зақымдаушы мутация Италия мен Испанияда таралған түріне ұқсас екені анықталды. Ал бұдан белсенділігі төмен түрі АҚШ-та, әсіресе, Вашингтон штатында кездесетін түріне ұқсас.

Зерттеу авторлары коронавирус мутациясы ауру патогенезінің өзгеруіне алып келетінін алғаш болып дәлелдегенін айтып отыр. Ғалымдар COVID-19 қоздырғышының ең ауыр штамдары әлсіз түрлеріне қарағанда ағзаға 270 есеге көп вирустық жүктеме түсіретінін айтып отыр. 

Ғалымдар бұл қорытынды коронавирустың әлсіз мутациясын жұқтырған барлық адамдарда ауру жеңіл өтеді деген сөз емес екенін атап өтті. Чжэцзянь қаласының 30 және 50 жастағы екі тұрғыны коронавирустың әлсіз мутациясын жұқтырған. Алайда жағдайлары өте ауыр болды. 50 жастағы науқасты жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген. Қазір екеуі де жазылып шыққаны хабарланды.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қытайда 82 758 адам коронавирус жұқтырған. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш - 1967.

Коронавирус: Елімізде 18 науқас тіркелді
Уханьдағы науқастардың емделіп шығуына «Қара жорға» биі қалай көмектесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу