Коронавирус: «Ең қорқыныштысы әлі алда» - ДДСҰ басшысы

Oinet.kz 21-04-2020 1793

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирус эпидемиясына байланысты ахуал әлі де өрши түсетінін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебреисус осыған байланысты мемлекеттердегі карантин шараларын әлі жеңілдететін уақыт келген жоқ дейді. 

-"Сіздерге айтайын: ең қорқыныштысы әлі алда. Сол себепті бұл ахуалды тоқтатуға бірге ат салысайық", - дейді ұйым басшысы. 

Сөзінше, адамзаттың пандемия салдарынан болатын дағдарысты тоқтауға қауқары бар екен. Алайда вирустың шығу тегі белгісіз болғандығы жағдайды ушықтырып тұрған көрінеді. 

Қазіргі таңда крантин шаралары Италия, Испания, Германия және Австрия сынды бірқатар мемлекеттерде жеңілдетілген. ДДСҰ бірте-бірте карантин режимінен бас тартуды қолдамайтынын жеткізіпті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда карантин шаралары қандай жағдайда бәсеңдетілетіні айтылған болатын. Қазіргі күннің өзінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда 20 сәуірден бастап бірнеше кәсіпорындар өз жұмыстарына қайта кіріскен. 

«Антисептикалық құралдар оразаны бұза ма?» – Бас мүфти жауап берді
Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу