Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды

Oinet.kz 21-04-2020 1231

ҚазАқпарат – Орал қаласы маңындағы орман арасынан әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200421141106a3640758d.jpg

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, 1981 жылғы әйелдің денесі қалаға қарасты Серебряков кентінен 7 шақырым жерде 18 сәуір күні сағат 17.00-де табылған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

«Әйелмен соңғы рет байланыста болған 1992 жылғы ер адам анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков. 

Айта кетейік, әйел қалаға қарасты Круглоозерный кентінде тұрған. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, марқұм ертең жер қойнына беріледі.

Коронавирус: «Ең қорқыныштысы әлі алда» - ДДСҰ басшысы
Қытайлық дәрігерлер коронавирустан қарайып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу