Біртанов Алматы қаласының бас дәрігерін орнынан алып тастады

Oinet.kz 21-04-2020 1170

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы ауысты. Осыған дейін осы қызметті атқарған Тілеухан Әбілдаевтің орнына Камал Надыров тағайындалды деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

44732fb9595ea0d5c1d7f88951ca6fa9.jpg

Барлық жағдайды ескере отырып, Әбілдаев қызметінен босатылды. Қала әкімдігі денсаулық сақтау министрлігімен және президент әкімшілігімен бірлесіп тәжірибелі басшыны орнынан  алып тастауға шешім қабылдады, - деді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Айта кетейік, 15 сәуірде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев індет жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде кеңсесінде оқшауланған. Сөйтіп, 14 күнге кабинетінде карантинге қалған еді.

Алты күн бұрын Орталық қалалық клиникалық ауруханаға бардым. Сондықтан індет жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде өз өзімді оқшауладым. Өйткені отбасыма, әріптестеріме қатер төндіргім келмейді. Карантин басталғалы үш рет коронавирустық инфекцияға тест тапсырдым. Олардың барлығы теріс нәтиже көрсетті, – деген болаты Тілеухан Әбілдаев.


Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді
Коронавирус: Біртанов маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу