Әбілдаев Алматы қаласының ДСБ басшысы қызметінде қалатын болды

Oinet.kz 22-04-2020 938

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасында кадрлық ауыс-түйістер жоспарланған болатын. Ведомствоның қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев өз еркімен отставкаға өтініш білдіргендіктен, оның орнына бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров тағайындалған еді. Алайда, соңғы жағдайларға байланысты Әбілдаев өз қызметін жалғастыратын болып шешілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісінде хабарлады. Министрлік басшысы оңтүстік астанының ҚДСБ-ның төрағасы қызметіне тағайындалған Надыровтан коронавирус анықталғанын мәлім етті. Бүгінгі күні шенеунік ем алу үшін ауруханаға жатқызылды. Министрдің хабарламасында Әбілдаевтың коронавирус инфекциясының кеңінен тарап, қаладағы жағдайдың ушығып кетуіне байланысты өз қызметінен кету жөнінде шешім қабылдағаны жазылды. Оның орнын Қамалжан Надыров алмастыру керек болған еді. Алайда, шенеуніктен адам өмірі үшін аса қауіпті вирус анықталғандықтан, бұл кадрлық ауысу орын алмады. Нәтижесінде Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы тоқтатылып, ол өз қызметін қайта жалғастыратын болды. Бұл шешім Алматы әкімінің келісімімен қабылданды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оңтүстік астана аумағында коронавирус жұқтырудың 680 оқиғасы тіркелді. Министр науқастардың жартысы медицина қызметкерлері екенін жеткізді.

Қазақстандық ғалымдар коронавирусты емдеудің жолын тапты
«Адам танымастай өзгерді»: Коронавирус жұқтырған дәрігер қарайып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу