«Адам танымастай өзгерді»: Коронавирус жұқтырған дәрігер қарайып кетті

Oinet.kz 22-04-2020 957

Коронавирус инфекциясын жұқтырған қытайлық дәрігерлердің түр-әлпеті өзгеріп жатыр. Уханьдағы орталық аурухананың мәліметіне қарағанда, төсекке таңылып жатқан қызметкерлерінің терісі кенеттен қарайып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Lenta.ru мәліметінше, дәрігерлер Ю Фан мен Ху Вейфен коронавирус инфекциясын қаңтар айында Ухань орталық ауруханасында науқастардан жұқтырған. Медициналық қызметкерлер тыныс алу апаратының көмегімен есін жиып, аурудан айықты. Клиника мамандары "екі медицина қызметкерлерінің терісінің қараюы бауырдың зақымдануынан болды" деген пікірде. Вирус науқастардың бүкіл денесіне таралғаны белгілі болды.

- "Ең алғаш өзіме келгенде, әсіресе жағдайымды білген уақытта қатты қорқып кеттім. Сол уақытта түнде тек жаман түстер көрдім", - деді дәрігерлердің бірі. 

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңнан асты. Оның он тоғызы көз жұмған. Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды. 

Әбілдаев Алматы қаласының ДСБ басшысы қызметінде қалатын болды
Коронавирус: Біртанов та тест тапсырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу