Коронавирус: Біртанов та тест тапсырады

Oinet.kz 22-04-2020 1138

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрдің бұрынғы орынбасары Қамалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғанына байланысты министрлік ғимаратындағылар мен онымен байланыста болғандардың барлығы COVID-19 анықтауға арналған тест тапсыратынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.  

image.png

- "Біздің министр де тест тапсырады. Тапсырғаннан кейін 6-8 сағаттан соң, диагностика өз нәтижесін береді, және біз барлығын құлағдар ететін боламыз. Өзіміз де мұны бақылауда ұстап отырмыз",– деді Ахметшәріп. 

Біртановпен қоса, ғимаратта болған министрліктің барлық қызметкеріне коронавирусты анықтау үшін ПТР-диагностика өткізіледі. Олардың қатарында департамент басшылығы, вице-министрлер, яғни соңғы күндері мемлекеттік орган ғимаратында болған барлық қызметкерлер бар. Ресми өкілдің айтуынша, министрліктің 80% қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілген. Еске сала кетсек, бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік. Шенеуніктің сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын. 

«Адам танымастай өзгерді»: Коронавирус жұқтырған дәрігер қарайып кетті
Ақмола облысында сарбаз атылып өлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу