«ҚазМұнайГаз» қызметкерлер санын қысқартады

Oinet.kz 30-04-2020 1074

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ орталық аппараттағы қызметкерлердің штат санын 729-дан 480-ге қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

- "ҚМГ-да бизнес-процестер оңтайландырылып, дағдарысқа байланысты өзектілігін жоғалтқан көптеген жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар қайта қарастырылуда. Нәтижесінде орталық аппараттағы қызметкерлердің штаттық санын 34 пайызға – 729-дан 480 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 29 сәуірде өткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің отырысында жаңа ұйымдық құрылымды бекіту туралы шешім қабылданды. Шешім компанияның қаржы жағдайын тұрақтандыру және нарықтық факторлардың жағымсыз ықпалын азайтуға бағытталған іс-шаралардың аясында қабылданған.

- "Корпоратив орталықтың құрылымы шағын әрі жедел қимылдауға және бизнес үшін дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатымен көптеген қызмет түрлерінен бас тартамыз және еншілес компаниялармен ықпалдастықтың тетіктерін қайта қарастыратын боламыз", – деді ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

ҚМГ басшылығы жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін терең ұғына отырып, босатылған қызметкерлерге барынша қолдау көрсетуге ниетті екенін айтады.

Алматыда қара топырақ ұрлап, сатпақ болғандар ұсталды
Ондаған адамның мәйіті тиелген жүк көліктері табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу