​Арман Жетпісбай қызметінен кете ме?

Oinet.kz 12-04-2023 1974

Жақын күндері Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары  Арман Жетпісбаев қызметінен босатылатын көрінеді. Рас болса биліктің дәлізінен жеткен ақпараттар осылай дейді. 

Screenshot_4.jpg

Шындығында Арман Жетпісбаевтың қызметінен кеткені емес, оның облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымында Шөкеевтен кейін сегіз ай бойы тапжылмай отырғаны таңғаларлық. Өйткені Жетпісбаев отставкіге кеткен Шөкеевтің соңына еріп кетуі тиіс кадрлардың алғашқысы болуы тиіс еді.

Арман Шәріпбайұлын әуел баста-ақ билікке жетектеп келген Ө.Шөкеев еді десек те артық айтқанымыз емес. Ол 2006 жылы Өмірзақ Естайұлы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған жылдары Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына жетекшілік жасады. Осы қызметтен кейін, ол бірден Шөкеевтің орынбасары лауазымына тағайындалды. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі аз Жетпісбаев үшін бұл өте үлкен өсу болатын. Жетпісбаевтың «жемісті» карьерасы Шөкеев кеткеннен кейін де жалғасып, ол 2008 жылдың ақпанында Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Оның Шымкенттегі әкімдік дәуірі  2012 жылдың сәуіріне дейін созылды. Алайда төрт жылдан астам уақыт әкім болған Жетпісбаевтың артында жұрт айтып жүрерліктей ештеңе қалмаған сияқты. Оның тек баспасөзде көп сыналғаны, қоғамдық ұйым өкілдерімен соттасқаны ғана есте қалыпты.  Бұдан кейінгі жылдары Жетпісбаевтың жеке бизнеспен айналысып жүргені айтылды. 2015 жылы ол билікке қайта оралды. Шөкеев жетекшілік ететін «Самұрық-Қазына» қорына қарасты «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясында басқарушы директор болды, кейінірек «Самұрық-Қазынаның» жылжымайтын мүлік жөніндегі қорына басшылық жасады. 2020 жылдың жазында ол індет кезінде қайтыс болған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтің орнын басты. Содан бергі аралықтағы үш жылға жуық уақытта Жетпісбаев Түркістанда не тірлік тындырды? Бұған  бағаны тиісті орындар береді. Құзырлы органдар да қарап қалмауы мүмкін.  Егер елдің аузындағы әңгіме рас болса, Жетпісбаевтың тірлігінен көп  шикілік табылған көрінеді. Жүз миллиардттар игерілген Түркістанның құрылыс саласынан шикіліктің шықпауы мүмкін бе?

Қайбір жолы біз «Рейтинг» газетінде «ауыз сумен қамту деңгейі 90 пайыздан асты» деген Жетпісбаевтың өтірігін Есеп комитетінен алған хатымызбен әшкерелеп едік. Құзырлы органдардың құрығы Есеп комитетінен де ұзын екендігі рас.   Ал, Арман Жетпісбаевтан кейін  облыс әкімінің бірінші орынбасары болу  кімге бұйыратыны туралы бізге мәлім ақпаратты алдын ала айтуға асықпадық. 

Құрғақ уәдеге құмар әкім
Аюпов тағылған айыппен келіспейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу