Шымкенттіктер Бірлік күнімен ерекше форматта құттықтады

Oinet.kz 01-05-2020 1182

Үшінші Мегаполис 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен ерекше форматта құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

8e5e5931-ab0c-4152-aa0c-e7d14f90b1a5.jpg

130-дан астам ұлтты бір шаңырақ астына жиған, қонақжай Қазақ елінде бүгін айрықша мереке. Дәл қазіргі сын сағат, еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын айқындай түсері сөзсіз. Осындай атаулы мейрамды ескерусіз қалдырмаған Шымкент қаласының тұрғындары бір сәтте терезеден Көк Туды желбіретіп, бірлігіміз бекем болсын деп ұрандатты. Ерекше құттықтау көпшіліктің назарын өзіне бұрғызбай қоймады. Төтенше жағдай кезінде жасалған ерекше құттықтау халықты жігерлендірері сөзсіз! 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

1️⃣ Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 130-дан астам ұлтты құшағына сыйдырған қазақ жерінде бүгін мереке. Дәл қәзіргі сын сағат, еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын айқындары сөзсіз. Әрқашанда тұғырымыз биік, бірлігіміз берік болғай!

«Топить етіп отырсыз» Айгүл Иманбаева журналист Дина Төлепбергенге ренжіді
«Екі Егізбаев шықпайды, Алатауға ексең де»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу