Ордабасы ауданының әкімі тағайындалды

Oinet.kz 01-05-2020 1387

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ордабасы аудандық мәслихатының келісімі бойынша Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Ордабасы ауданы әкімінің лауазымына Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков тағайындалды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_19.jpg

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ө.Шөкеев таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Аймақ басшысы жаңа аудан əкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткенНұрбол Тұрашбеков 2017 жылдан бері Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Түлкібас ауданының әкімі болып Нұрлан Байғұт тағайындалды
Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының қазіргі ахуалы қалай (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу