Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының қазіргі ахуалы қалай (видео)

Oinet.kz 02-05-2020 1863

1 мамыр күні таңғы сағат 5:55-те Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылған болатын. Оқиға орын алған жерге ел Президенті Шавкат Мирзеев келіп, жағдайды бақылауға алуда. Қазіргі таңда, су тасқыны орын алған аймақтың төбеден түсірілген видеосы әлеуметтік желілерде тарауда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

9284d159-91a1-412c-9d75-97018ef53ce1.jpg

1 мамырда бөгеттің алты пикет қабырғасынан су аққан. Нәтижесінде Сардоба облысының Қорғантеп ауылын су басқан. Су басу қаупі бар бірқатар елдімекендерді эвакуациялау жоспарланған. Қазірдің өзінде үш шағын ауданнан 12 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар тіркелмеген.Өзбекстан ТЖМ хабарлауынша, қазір Қорғантеп халқы эвакуацияланған. Қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Оқиға орнына Өзбекстан премьер-министрі бастаған басшылар тобы барған. Құтқару жұмыстарына 1 мыңға жуық адам мен 200 техника қатысуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Аллах амандығын берсін

Ордабасы ауданының әкімі тағайындалды
Өзбекстаннан бастау алған су тасқыны Мақтааралға келіп жетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу