Өзбекстаннан бастау алған су тасқыны Мақтааралға келіп жетті (видео)

Oinet.kz 02-05-2020 3337

1 мамыр күні Өзбекстанның Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылған болатын. Шекаралас елдің 7 аймағын шарпыған тасқын, еліміздің Жетісай ауданы, Жеңіс ауылына келіп жетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Қазіргі таңда, халық эвакуацияланып жатыр. Мақтаарал ауданы әкімдігі Жантақсай ауылында орналасқан 16 орта мектепте шұғыл штаб құрып, Жаңа Жол ауылдық округінің 1900 тұрғыны бар Жеңіс елді мекенін және 320 тұрғыны бар Жаңа Тұрмыс елді мекендерін эвакуациялау мәселесі қарастырылуда. Аталған елдімекендердің тұрғындарын Мырзакент ауылындағы "А. Пушкин", "Жаңа Жол", "С. Рахимов" атындағы орта мектептерде орналастырылады. Түркістан облысы ТЖД мамандарының барлық күші, Мақтаарал, Жетісай аудандарының қызметкерлері оқиға орнына жұмылдырылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


SOS

Публикация от SANUR TV (@sanur_tv)

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының қазіргі ахуалы қалай (видео)
Тоқаев «Мир» телеарнасына берген сұхбатында әкесі жайлы бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу