Ахметбек Нұрсила өткен өмірі туралы бар шындықты айтты (видео)

Oinet.kz 02-05-2020 5317

Ахметбек Нұрсила өзінің өткен өмірі туралы бар шындықты жеткізді. Бұл туралы ол "Nursila" ютуб каналында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

eb402852-1130-4b48-bb72-74c93c6cbfb1.jpg

- Ресейге барып Нобосибирь қаласындағы көрмеде Сибирьдің алтын медалін ұтып алдық. Сол кезде әлі есімде 30-дан астам магазині бар, Ресейдің үлкен жиһаз сататын дүкені келіп бізбен келісім шартқа отырды. Біздің ас үй жиһазымызды Ресейге сатуға. Содан кейін бүкіл қарызымды жаптым, адамдардың жалақысын төлеп, электр жарығын бәрін төлеп біттім. Содан кейін барып маған фабрика өтті, - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, белгілі кәсіпкер фабрика өзіне толықтай өткен сәттен бастап КНБ, прокуратура тарапынан тыным болмағанын айтты. 

- Бірақ, 2001 жылы, ол кезде  КНБ-ның бірінші орынбасары Рахат Әлиев деген азамат болды. Менің достарым сол жерде саясатқа араласып кетті. Саясаткер болды. Сол жерде Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жакиянов болды. Маған ұсынған сол азамат болатын. Сен өндірістесің ғой. Мынаны ешкім алмайды, өзің көрші Ахметбек деп. Менің алдымда, ол Калиев деген кісінге, Аблязовқа да айтқан екен. Сол кезде екі ортада Жакиянов пен Алиевтің арасында соғыс басталып кетті. Сонда айтады ғой "екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледі" деп. Таяқтың бәрі маған келіп тиді ең бірінші. Маған сол кезде есімде қалалық салық инспекциясы түгел тексеріп ештеңе таппағаннан кейін облыстық салық инспекциясының бастығы келді. Содан кейін пинболдың екі офицері келді, қылмыстық іс қозғайтын тоғызыншы управление деген келді. Менің үстімнен сол кезде мына фабриканы заңсыз алған деген 4 том іс қозғалды. Ештеңе таппады. Өйткені мен бір тиынына дейін жапқанмын, - дейді Ахметбек Нұрсила.

Сөз арасында белгілі кәсіпкер сол кезде өзі бастаған кәсіпке Елбасы Назарбаевтың тарапынан да қолдау болғандығын жеткізді. 

Screenshot_1.png

- 2001 жылы Елбасы келген. Фабриканы көрді, аралады. Сол кезде қатты риза болды. Қазақстанда осындай өнім жасауға болады екен ғой деп. Сол кезде КНБ, прокуратура соңыма түскен кезде сол фабриканы беруге мәжбүр болдым. Соталып кету қаупі тұрған соң малым жанымның садағасы деп бердім. Фабриканы тастап, Қытайға кетіп қалуға мәжбүр болдым. Отбасыммен бірге Гуанчжоу деген қалада үш жыл тұрдым. Соның алдында жарты жыл бұрын Президент Назарбаев келіп мен "Халық батыры" болғанмын. Бүкіл телеарна, газет түгелдей Ахметбек есімді азамат отандық өнімді шығарды деп көрсетіп жатты. Одан кейін, жарты жылдың ішінде мен "халық жауы" болып шықтым, - деп ағынан жарылды Ахметбек Нұрсила. 

Screenshot_2.png

Коронавирус: Елімізде бір уақытта 74 жағдай тіркелді
Мақтаараладағы төтенше жағдай. Шұғыл ақпарат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу