Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел желі іске қосылды

Oinet.kz 02-05-2020 1023

Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел желі іске қосылды.

image.png

Көрші елдегі бөгеттің бұзылуынан туындаған зардаптарға байланысты, Қазақстан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерінің тұрғындарын қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, 2 мамыр күні сағат 04.30-да Мақтарал ауданының шекарасында коллектордан су өтіп, Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді мекендері су астында қалған.

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- "Жағдай бақылауда, әуеден тексеріс жүргіздік. Су одан әрі кетпесе, эвакуациялауды жалғастырудың мәні жоқ. Ал су ағыны күшейсе, онда барлық адамды, малды өзіміз шығарып, мүлікті қорғауға тырысамыз. Ол үшін жақын маңдағы Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарынан күштер жұмылды. Әр аудан жеке елді мекенмен айналысады. Барлық әкімге тізім жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және команда берілген жағдайда тұрғындарды жаппай көшіруге дайындауға тапсырма берілді. Ең бастысы - сабыр сақтау. Жағдай күрделі, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз", - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

дереккөз: Tengrinews.kz

1 млн 600-ге жуық отбасы коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек алады
Назарбаевтың күйеу баласы шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу