Балғынбек Имашев Ахметбек туралы ащы шындықты айтып, пікір білдірді

Oinet.kz 04-05-2020 20774

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың әншілерді шегірткеге теңеген сөзіне өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің "Instagram" парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

6f444696-3524-417f-a00d-97a77da4b4d2.jpg

Балғынбек Имаш өз жазбасында кәсіпкердің бұл сөзін қолдайтындығын жеткізді.

- Ахметбек Нұрсила деген азаматты аса жақсы танымаймын. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптағы әңгімелереін көзім шалып қалады. Тренингтегі кейбір іс-әрекеттері, эмоция шығарып билеп жатқаны, ислам туралы кейбір пікірлері мүлде жақпайтын. Бірақ, қазақты білімге, ғылым үйренуге, кәсіп үйренуге шақырып, сол жолда жанкештілікпен еңбек етіп жүргеніне жүрегім жылып қалады. Әсіресе, отаншылдықты насихаттауына, Алаш идеясын жаңғыртуға, рухани тәрбиеге қатысты жанайқайына толық қосыламын. Бүгін, лотореяға қатысты "Астарлы ақиқатқа" қатысқан хабарын көріп әртүрлә ойға баттым. Әрине, мені өнердегі әріптестерім қолдай қоймас, тіпті, жау деп қабылдар. Бірақ, Ахметбек ағаның "шегіртке" деген сөзі орынсыз емес. "Ыршып жүріп ән салған" өнерпаздар түгілі, бұл теңеу жалпы қазақтың бүгінгі сиқына дәл келетіні - ащы болса да шындық! - дейді айтыскер ақын. 

Еске сала кетейік, Ахметбек Нұрсила "Астарлы ақиқат" бағдарламасында әншілерді шегірткеге теңеген болатын. 

Трамп: Қытай коронавирус жағдайында «өрескел қателігін жасыруға тырысты»
Балғынбек Имашев министрліктегілерді қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу