Тоқаев: «Негізгі қауіп-қатер алда»

Oinet.kz 05-05-2020 2235

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын ұлттық құндылықтарды қорғауға, соның ішінде тіл мәселесіне бей-жай қарамауға шақырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Егемен Қазақстан басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- "Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек. Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қорғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы татулық пен келісімді, береке-бірлікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады", - деді ол. 

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді. 

Депутаттар бір күндік жалақысын мақтааралдықтарға аударды
Әкім орынбасарының әйелі сұлулық салонына барып, желі қолданушыларының наразылығын тудырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу