Алматыдағы апаттан бірден 4 адам көз жұмды (видео)

Oinet.kz 20-05-2020 3311

Ыстықкөлге кіре берістегі қайғылы апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме беріп.

Жергілікті тұрғындар жолдың дәл осы учаскесінде автоәуесқойлар жол қаіпсіздік ережесін жиі бұзатынын айтады.

Оқиға 19 мамыр күні кешкі уақытта орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа қатысы барлардың бірі алматыдан Ыстық көлге кірер бетте қарсылас беттен басқа көлік шығып қалған.Нәтижесінде екі көлік бірін-біріне соқтығысады. Екі көлік те ауыр соққыдан жол жиегіне ұшып кеткен. Оқиға орнында екінші көлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болды.

Ал Алматыдан келген азамат ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Алайда ол да ауруханада қайтыс болды.

Жергілікті тұрғындар жолдың осы учаскесінде жүргізушілер жиі қақтығысатынын айтты. Оқиға себептерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтауда.


Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекке емшінің не дегенін айтты
«Денем тесік, ішімдегі дүнием түгел емес» - коронавирустан қаза болған келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу