Дана Нұржігіт Бейсен Құранбекке емшінің не дегенін айтты

Oinet.kz 19-05-2020 1401

Тележүргізуші, танымал журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Бейсен Құранбектің бар қазақтың ауыртпалығын жүрегімен көтергенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

"Қимас досым, жанашыр әріптесім, журналистика, оның ішінде телевизия журналистикасында ҚҰБЫЛЫС болған саңлақ - Бейсен Құранбектен айрылып қалдық, ағайын! Бейсенді қараған емшілердің бірі, "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың, қарағым-ау!" деген екен.

Нардың жүгін арқалап жүріп, айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың, Бейсеке. Қазаққа ұл болған Бейсеннің жақындарына, соңғы деміне дейін қасында болып, кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға, әкесінің қос шынары-қыздарына, 90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз! Бақұл бол, досым!", - деп жазды Дана Нұржігіт желіде. 

Меруерт Түсіпбаева Ахметбек Нұрсиланы ауруға теңеді
Алматыдағы апаттан бірден 4 адам көз жұмды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу