Бүгін Мұхтар Әблязовтың туған күні

Oinet.kz 16-05-2020 1502

Бүгін Мұхтар Әблязов 57 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz.
image.png

Мұхтар Қабылұлы Әблязов 1963 жылы 16 мамырда Түркістан облысы Ванновка ауылында дүниеге келген. Қазақстандық танымал кәсіпкер, Қазақстанның бұрынғы энергетика, индустрия және сауда министрі (1998 сәуір – 1999 қазан), БТА банкі директорлары кеңесінің төрағасы. "Қазақстанның Демократиялық таңдауы" (орыс. ДВК - Демократический выбор Казахстана) оппозициялық қозғалысының жетекшісі. Қазіргі таңда (2020 жылы) Францияда тұрады.

2007 жылдың маусымында Қазақстан сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, банк мүлкін заңсыз пайдаланып, қызметтік мүмкіндігін асыра пайдалану арқылы қымқыру деректері бойынша сырттай 20 жыл бас бостандығынан айырылған.

Өмірбаяны

1963 жылдың 16 мамырында Түркістан облысының Ванновка ауылында дүниеге келген. Шыққан руы қожа.

1986 жылы Мәскеу физика-инженерлік институтын (МФИИ) «физик-теоретик» мамандығы бойынша тамамдаған. Институттан кейін инженер, кіші ғылыми қызметкер және Қазақ мемлекеттік университетінің инженері қызметін атқарды. 1990 жылы МФИИ аспирантурасына қабылданып, жұмысынан өз еркімен кетіп, бизнеспен шұғылданды.

1991 – 1993 жылдар аралығында «Мадина» ШК директоры болды. (Мекеме оның сол кездегі жалғыз қызының құрметіне аталды).

1993-1997 жылдары аралығында қазақстандық «Астана-Холдинг» холдингтік компаниясының құрылтайшысы, негізін қалаушы және президенті болды. Мекеме әртарапты қызмет атқарып, бидай тасымалынан бастап банк саласымен шұғылданды. 1998 жылы «Банк Туран Әлем» АҚ акцияларын мемлекет тендерге шығарды. «Астана-Холдинг» мемлекетке акцияларды алу бойынша ең жоғарғы ұсыныс жасады (72 млн.доллар). Бірақ, Әблязовта осыншама қаржы болмады. Тендер өткен бір аптадан кейін несиелік келісімшарт жасалып, сол уақытта мемлекеттің меншігіндегі банктың 765 миллион теңгесі жекеменшік тұлғаның пайдалануына берілді. Осылайша, мемлекеттің акциялар қоржыны мемлекеттің қаржысынмен алынды.

Қазақстанның Демократиялық таңдауы (ДВК)

2001 жылдың қараша айында ДВК (Қазақстанның Демократиялық таңдауы) көшбасшылары Мұхтар Әблязов пен Ғалымжан Жақиянов "Қазақстанның Демократиялық таңдауы" қозғалысын құрғандығын жариялады. Құрылтайшылардың ішінде бұлардан бөлек:

Темір банк директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов;

Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов;

еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Әлихан Байменов;

вице-премьер Ораз Жандосов;

қорғаныс вице-министрі Жанат Ертілесова;

қаржы вице-министрі Қайрат Келімбетов;

Казкоммерцбанк басқару төрағасы Нұржан Субханбердин;

парламент депутаттары Төлен Тоқтасынов, Серікболсын Әбділдин, Зауреш Баталова, Болат Әбілов;

ҚР Агенттігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау мен шағын бизнесті қолдау бойынша төрағасы Берік Имашев.

Осы саяси қозғалыстың құрамына Қазақстаннның сол кездегі билік басындағы адамдар, облыс басқарушылары, парламент депутаттары, ірі бизнесмендер тобы, танымал қоғамдық белсенділер, журналистер және өзге де мемлекет азаматтары кірген болатын. Бұл Қазақстанның билігінің дағдарысына әкелді. Саяси қозғалыс мүшелері мемлекеттік орындарынан алынды және қылмыстық қудалауға тап болды. 2002 жылдың наурызында Аблязов пен Жақияновтар тұтқындалды және түрмеге тоғытылды.

2002 жылдың 18 шілдесінде Назарбаевтың бұйрығымен сот Аблязовты жалпы режимдегі түзеу колониясына 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Барлық танымал Human Rights Watch, Amnesty International секілді халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Қазақстан билігінің әрекетін айыптады және Мұхтарды ар-ұждан тұтқыны деп жариялады.

АҚШ-тың Мемлекеттік Департаменті Мұхтар Әблязовқа қатысты сот ісі көптеген процессуалды қателерге толы болғандығын, дәлелдеуші базаның жеткіліксіздігін және сот көрсеткіштерінің келіспейтін тұстары көп болғандығын сипаттады және мұның негізінде саяси астар жатқандығын көрсетті.

2003 жылдың 3 ақпанында Еуропа Парламенті Қазақстанға Мұхтар Әблязовты тұтқыннан босату туралы талабы бар арнайы резолюцияны таратты.

Түрмеде Мұхтар Аблязов аса қатты азаптауға тап болды.

2003 жылдың 13 мамырында Мұхтар Әблязов халықаралық ұйымдар мен институттардың ықпалымен түрмеден босап шықты.

Оппозициялық қозғалыс мүшелері мемлекеттік лауазымдарынан алынды және қылмыстық қудалауға ұшырады. 2002 жылдың наурыз айында Әблязов пен Жақиянов тұтқындалды және түрмеге тоғытылды.

2017 жылдың сәуірінде Facebook парақшасында "Қазақстанның Демократиялық таңдауы" қозғалысының қайта жанданғаны туралы хабарлады.

Энергетика министрі

1997 жылдың маусым айынан бастап, Әблязов «KEGOC» АҚ-ның президенті қызметін атқарды. Ал, 1998 жылдың сәуірінен 1999 жылдың қазан айының аралығында сол кездегі ҚР премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев үкіметінің тұсында энергетика, индустрия және сауда министрі болды.

1999 жылдың қазан айында, Мұхтар Қабылұлы отставкаға кетісімен оған қатысты қаражатты заңсыз иелену, табысын жасыру баптары бойынша айып тағылып, іс жүргізілді. Тергеу барысында Әблязов 1998-1999 жылдары «KEGOC» АҚ және Екібастұз ГРЭС-2 ресурстары жекеменшік мекемелердің мүддесі үшін пайдаланылған қылмыстық схема құрғандығы әшкереленді. Нақты айтқанда, «Кегок» АҚ, Екібастұз ГРЭС-2 және Қостанайасбест өндіріс орыны арасындағы электр қуаты үшін үлкен қарыз ГРЭС-2-ге өтіп кетті. Осының кесірінен, «Кегок» АҚ 1998 жылы және 1991 жылдың 1 тоқсанында 2 млрд.теңгеге шығынға батты (20 млн АҚШ долларынан астам)[3].

2002 жылдың мамыр айында сот Әбілязовты жалпы режимдегі түзету мекемесіне 6 жыл бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, келтірілген залалдың орнын толтырып, 2 жыл бойы мемлекеттік қызметте басқару қызметінен шектеді. Әблязов 2003 жылдың 8 сәуірінде Президент жанындағы рақымшылық комиссиясына өтініш білдіріп[4], мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық туралы жарлыққа қол қайып, бұрынғы министрдің ары қарай бас бостандығынан айыру жазасының үкімін тоқтатты.

БТА Банкі

2004 жылдың 19 желтоқсанында «Туран Әлем Банкінің» басқарма төрағасы Ержан Тәтішев аң аулау барысында қаза тапты. 2017 жылы Мұратхан Тоқмади «КТК» телеканалына сұхбаты барысында сол кезде Әбілязовтың тапсырысы бойынша Татишевті өзі атқандығын мойындады. Қылмыстың нәтижесінде Әбілязов банк басқармасын өз қолына алды.

Мұхтар Әблязовқа 2005-2009 жылдар арасында БТА Банкінен қаржы жымқырды деген айып тағылды. Жалпы келтірілген залал көлемі кем дегенде 6 млрд. долларды құрады. Әблязовты 2013 жылы Францияда тұтқындады. 2014 жылдың қаңтарында Францияның төменгі сатылы соты банкирді экстрадициялау туралы жария етті. Алайда, сол жылдың сәуірінде бұл үкім кассациялық соттың шешімімен өз күшін жоғалтты. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралып, қазанның соңында ресей тарапынан банкирді экстрадиция туралы өтінішін қанағаттандыру бойынша қайта қаралды. 2016 жылдың 9 желтоқсанында Францияның мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әбілязовты ресейге экстрадициялау туралы жарлығының күшін жойды. Әблязов Ресей, Қазақстан және Украина тарапынан қылмыстық қудалауда. Бірақ, оны экстрадициялау туралы сқраным тек Ресей және Украина тарапынан берілуде, себебі, Қазақстан мен Франция арасында мұндай келісім жоқ.

2017 жылдың сәуірінде Facebook парақшасында Әблязов «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты жаңа қозғалыыстың құрылғандығын мәлімдеді.

2017 жылдың маусымында Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Әбілязовты кінәлі деп тауып, оны сырттай 20 жыл бас бостандығынан айырды. Бас бостандығынан айыру үкімен қатар, сот оның мүлікін тәркілеп, 300 АЕК көлемінде айып пұл салды. Сонымен бірге, банк саласында 3 жыл кәсіби әрекеттерді жүзеге асыруға тиым салды. Осы іс бойынша БТА банкінің бұрынғы басқарма басшысы Садуақас Мамеш және басқарма төрағасының бірінші орынбасары – несие комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов өз кінәларын толық мойындап, 5 жыл бас бостандығынан айырылды. Істің деректеріне сәйкес, Әблязов құрған қаржылық схема 4 жыл қатарынан қолданылған: банк бірнеше миллионнан бастап, бірнеше миллиард теңге көлемінде қайтарымсыз несиелерді олигархтың өз меншігіндегі астыртын компаниялардың есеп шотына аударып отырған. Қолға түс кен қаржыға Әблязов пен оның серіктестері Еуропа мен АҚШ-тан элиткалық жылжымайтын мүліктерді сатып алып, Африкадағы өнеркәсіп орындарын сатып алып отырған. Жалпы алғанда Әблязов Қазақстаннан 7,5 млрд. доллар көлемінде қаржыны заңсыз шығарған.

2017 жылдың қарашасында халықаралық тергеу журналистикасының консорциумы (ICIJ) БТА Банкінің экс-басқарма төрағасы Мұхтар Әблязовтың атын аталған баяндаманы жариялады. Зерттеу барысында Әблязов қаржыны өзінің балдызы Сырым Шалабаев негізін қалаған CFJ Star Trust сынды өзге де оффшорлы компаниялар арқылы иемденіп отырғаны мәлімделді. Әблязов елден кеткен екі жылдан кейін Кайман аралдарында орналасқан бұл компания өз жұмысын тоқтатып, көп ұзамай мүлде жабылған.

Отбасы

Мұхтар Әблязов үйленген, төрт баласын тәрбиелеуде (Мадина, Мадияр, Алуа және Алдияр).

Әйелі – Алма Шалабаева (1966 жылдың 15 тамызында дүниеге келген), «Математика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тамамдаған.

Қызы Мадина 2007 жылдың қыркүйек айында қазір Швейцарияда тұратын Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың асыранды баласы Ілиясқа тұрмысқа шыққан[16]. Виктор Храпуновқа қатысты 2011 жылы қылмыстық іс ашылған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап оған халықаралық іздестіру жарияланды.

Мадияр Әблязов 2013 жылы Ұлыбританияда мекендеу қағазын алды. Ол үшін оның әкесі Мадиярдың Швейцария банкіндегі есепшотына 1 миллион фунт стерлинг аударып, инвесторлық виза алуына ықпал жасады. Британдық кеден қызметіне Мұхтар Әблязов өзінің ұлы Мадиярға 1 млн. Фунт стерлингті сыйға тартақаны жайлы құжат көрсетілді.

Бейсен Құранбек туралы не білеміз?
Президентік жастар кадр резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу