Мұхтар Әблязовтың ағасы әрі сыбайласы өз еркімен елге оралды

Oinet.kz 25-07-2023 777

Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазин ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

"Ол Әблязов басқаратын "BSC" ЖШС-нің номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған. Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған. 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Қуаныш Нұрғазиннің Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдіргені мәлім етілді.

"2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті. Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады", - деп мәлімдейді Бас прокуратурадан.

Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс
Шымкентте бұрынғы медбике есірткімен ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу