Жанболат Мамайдың шын мәнінде кім екенін білесіз бе?

Oinet.kz 01-06-2020 2460

Жанболат Мамай 1988 жылы 15 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ журналисті, қоғам белсендісі, Қазақстандағы Демократиялық партияның көшбасшысы және "Трибуна" газетінің бас редакторы.

image.png

Өмір жолы: 

Жанболат Мамай Алматы қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Ол 2007 жылы Афинадағы Ұлттық және Каподистри университетінде іс-тәжірибеден өтеді. Одан кейін Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде ағылшын филологиясы кафедрасында оқуын жалғастырды.«Жас Алаш» газетінде жұмыс істеді. Мамай өз мақалаларында жоғары лауазымды шенеуніктер арасында өткір әлеуметтік және сыбайлас жемқорлық мәселелерін көтерді. 

Жаңаөзен:

2012 жылдың маусымында Жаңаөзендегі көтерілістен кейін Жанболат Мамай мұнайшылар ереуіліне қатысқаны үшін «әлеуметтік араздықты тудырды» деген айыппен қамауға алынды. Ол наразылық білдірген мұнайшылардың құқықтары туралы басқа жарияланымдарға жеке-жеке тоқталып, түсініктеме берді және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан ратификациялаған және азаматтардың құқығына кепілдік беретін халықаралық заңдарға сілтеме жасап, мұнай саласына наразылық білдірушілерді қудалауға қатысты билік органдарын сынға алды. Ол бірнеше айларды түрмеде өткерді. Сосын 2012 жылдың 13 шілдесінде бостандыққа шықты. 

«Трибуна» газеті:

2012 жылдың қыркүйегінен бастап шыға бастады. Жанболат Мамай бұл газетті қазіргі үкіметке және бірқатар шенеуніктерге бағыттап шығарып отырды. Газеттің көтерген басты мәселелері сыни материалдар болды. Ал, Жанболат Мамай аталмыш тәуелсіз Трибуна газетінің жетекшісі болды. Газеттің басты тақырыбы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау болды. 

Қазіргі таңда, Жанболат Мамай "Демократиялық партия" құруды қолға алып, шыр-пыр болып жүрген қоғам белсендісі. Ол туралы пікірлер қоғамда екіге бөлінуде. Бірі - оған сенсе. Екіншілері оны Әміржан Қосанов сияқты әртіс деп бағалауда. Ал, сіздің пікіріңіз қандай? Өзіңіз шешерсіз!?

Маған әбден алғысын айтты: Айнұр Тұрсынбаеваның дәрістерінің шарапаты
Қазақстанда 2 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу