Маған әбден алғысын айтты: Айнұр Тұрсынбаеваның дәрістерінің шарапаты

Oinet.kz 01-06-2020 1088

Айнұр Тұрсынбаева ел арасында ақылы дәріс жүргізіп жүргені белгілі. Айтыскер ақынды бұл жұмысы үшін айыптаған жандар да жетерлік. Алайда айтыскердің айтуынша, оған сабағы үшін алғыс айтатындар да көп екен.

news_full1591006095d6ee7b1008d7b6717dceef02b372547f.jpg

"Елімізге танымал үлкен кісі бар еді. Атын атамай-ақ қояйын. Маған келіп алғысын айтты. Қызы енесімен ата жау болып, қанша жыл қайтып келіп тұра алмаған екен. Менің сабағымды тыңдап, түсінігі өзгерген екен. Күйеуімен де, енесімен де тату-тәтті тұрып жатқан көрінеді. Қазір жақсы отбасы болған. "Мен 40 жыл бере алмаған тәрбиемді сен екі-ақ сағатта берген екенсің" деп жылады",- деп айтты Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын тағы бір ерлі-зайыптының отбасын сақтап қалуына көмектескенін айтады. 

"Маған әйел кісі хабарласты. Оның жолдасы жол апатына түсіп, екі аяғынан, бір қолынан айырылған екен. Үйде отырған соң әйелін қызғанатын болған. Ақыры соңында ажырасатын жағдайға жетіпті. Менің дәрістерімді тыңдап, райынан қайтқан екен. Тіпті, күйеуі жігерленіп, суда жүзуден чемпион атанған. Маған әбден алғысын айтты", - деді ол Тұрсынбек Қабатовпен тікелей эфирдегі әңгімесі кезінде. 

​ Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров мүгедектер арбасына отырды (фото)
Жанболат Мамайдың шын мәнінде кім екенін білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу