​ Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров мүгедектер арбасына отырды (фото)

Oinet.kz 30-05-2020

 Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров мүгедектер арбасына отырып, жол сапасын тексерді. Әкім жарымжан жандардың шағымынан кейін мәселеге өзі көз жеткізу мақсатында мүгедектер арбасына отырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі "Қазір Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тротуарлар салу, абаттандыру жұмыстары жүруде. Бірақ, бұл жұмыстарға мүгедек жандар тарапынан ескерту жасалды. «Пандус ок» ЖШС басшысы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Шахан Жолдасбаев қала әкіміне жолдардың мүгедектер арбасы үшін қолайсыз екенін жеткізді. Асхат Шахаров өзі мүгедектер арбасына отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар жүретін жерлермен жүріп өтіп, жағдайға көз жеткізді", – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Screenshot_3.jpg

Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі Әйгілі әлем чемпионның мүгедектер арбасына отырғанын жерлестері әртүрлі қабылдады. 

"Әкім бір айда 42500 теңгеге өмір сүріп көрсе екен", "Пиар, әкім үшін ұят", "Дені сау спортшы мүгедектер арбасына отырғанымен қиындықты сезінбейді" дегендер де, әкімнің бастамасына қолдау білдіргендер де табылды. 

Screenshot_4.jpg

Қазіргі таңда қала бойынша 12 824 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 2180-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2019 жылы 289 жан мүгедектер арбасымен қамтылған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылы 333 адамды қамтиды. 

Алты ай бұрын жоғалған туристің денесі табылды
Маған әбден алғысын айтты: Айнұр Тұрсынбаеваның дәрістерінің шарапаты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×