Танымал заңгер халықтан ақша жинайтын Айнұр Тұрсынбаеваның қорын қатаң тексеруді сұрады

Oinet.kz 16-01-2022

Танымал заңгер Айгүл Орынбек Бас Прокуратурадан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева басқаратын "Айдың нұры" қорын қатаң тексеруді сұрады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

"Соңғы үш жылда қылмыс әлемінің серкесі “Дикий Арман” және оның қырық қарақшысы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева арқылы қоғамда қатты жарнамаланды. Елдің алдында жүрген біраз жұлдыздар да Түркияға ағылып, тіпті оның сайлап алған символы - “қасқыр белгісін” (түрлі кереғар мағыналас) саусақпен көрсетіп, әлгі Арманмен жеке суретке түсті. Түсіп қана қойған жоқ, оны әлеуметтік желіде әспеттеп “батыр”  көрсете бастады. Бұрын соңды қалың елге тек “қылмысымен” танылған ол, осылайша соңғы үш  жылда халыққа дәрі-дәрмек, тамақ тарататын қайырымды жан, спортсмендерге 2000 долларлап сый беретін “супермэн герой” болып шыға келді!

Расында…Бұл “ЕРЛІКТІҢ” артында бір шикілік барын, бір “дәудің” тұрғанын БІЗ сияқты жандар  түсінгенмен, қарапайым халық  түсіне бермеді!

Бұның бәрі арнайы дайындалған ЖОБА! Бұл - Елдің алдында жүрген танымал адамдар арқылы халықтың санасын улап, өздерін қайырымды да жанашыр көрсету арқылы билікке жетудің тың тәсілі! Иә, билікке жетудің төте әрі қитұрқы оңай жолы!

Әйтпесе, бұрын соңды халық үшін тырнағының ұшын қимылдатпаған адам, қалайша миллиондаған қаржыға жұртқа жақсылық жасай қалды? Батпан құйрыққа қайдан ғана бата қалды? Осының бәріне күдікпен қарай отырып, қазір де халықтан ақша жинап отырған Айнұр Тұрсынбаеваның қорын Бас Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеттетінен тексеруді сұраймын! Қатаң тексеруді сұраймын!

Ауа жетпей жатқан халыққа “дем беремін” деген Айнұрдың өзіне биліктен үміт үзіп отырған халық болып, аппараттарға ақша аудардық. Рас қой?! Сол аппараттар елге келді ме, келсе қай ауруханаларға жіберілді соның да есебі берілген жоқ! 

Елден жасыратын ештеңесі жоқ болса, істеген әрбір амалы таза болса, Айнұр ханым халықтан түскен әрбір тиынға - өзі есеп берсе де болады! Осы уақытқа дейін қорға қанша қаражат түсті, сол қаражаттар қандай бағыттарға жұмсалды….бәрі-бәрінің жауабын халық болып күтеміз!

Президент “Қазақ халқына “ деген қор ашты!

Енді кім көрінген мен күмән тудыратын қорларға ақша аудара бермей, өзіміздің халық болып қадағалайтын қорға ақша аударайық!

Бұл қор Президенттің өз бақылауында болады! Болашағы бар, ең бастысы СЕНІМ бар!" - деп жазды Айгүл Орынбек.

Басына оқ тиген: Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде төрт баланың анасы көз жұмды
Мәжілі депутаты ана капиталын енгізуді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×