Басына оқ тиген: Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде төрт баланың анасы көз жұмды

Oinet.kz 16-01-2022

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде көлікте бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиіп көз жұмған.

Screenshot_5.jpg

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді. Оның айтуынша, 5 қаңтарда отбасы ауырып тұрған балаларына дәрі іздеп, көлікпен шыққан. 

“Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтарда қызуы көтеріліп мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп мерт болды. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы. Сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барады. Олар түсінбей, абдырап , бірінші кезекте жедел жәрдем шақырған, бірақ келмеді. Жарын өздігінен 4-ші ауруханаға апарғанда, “оқ басын тесіп ми ішінде қалды, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін” айтқан”, – деп жазды журналист.

Марқұмның жары әйеліне оқ тиген кезде көлікті айдап келе жатқанын айтады.

“Назарбаев көшесімен төмен түсіп келе жатқанбыз. Оқ дауысы естілмеді. Оқ тиген кезде келіншегімнің қолында балам болған. Бір кезде түтін шыға бастады. Артыма қарасам, әйелім қисайып жатып қалыпты. Оқтан қашып, тағы 50 метр төмен түстім. Көлікті тоқтатып, әйелімнің жарақатын қарасам, басына оқ тиіпті”, – дейді Сұлтан есімді ер азамат. 

Халыққа 100 мың теңге айлық күн көруге жетпейді - Мәжіліс депутаты
Танымал заңгер халықтан ақша жинайтын Айнұр Тұрсынбаеваның қорын қатаң тексеруді сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×