Айнұр Тұрсынбаева: «Өлікті аңдыған құзғыннан қай жерлерің кем?!» (фото)

Oinet.kz 26-10-2021

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева сыртынан өсек сөз айтып, сынайтындарға пікірін білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

image.png

- Қарғыс немесе жүрек неден қараяды? Алдымен фотоны жылжытып бір оқып алыңыздар... Жәй ғана комментарий жазып күніне 5-10 мың табуды үйретемін деп отырған арсыздар! Сіздер құдайдан, қарғыстан қорықпайсыздар? Сенен өтіп 7 ұрпағыңа кететін қарғыстың астында қалып жатырсыңдар ғой... Айналып кетейін боттар! Өлікті аңдыған құзғыннан қай жерлерің кем?! Сіздерде бауыр, бала, ана жоқ па? Мен білмеймін сіздердің кім екендеріңізді! Білгім де келмейді!

Үйдегі ойнап жүрген бала-шағаларыңа бір қараңдар да, істеп жүрген тірліктеріңе бір қараңдаршы... Біреудің көңіліне қаяу салу-қарғыс! Алла жаратқан пенденің тіліне, түріне күлу-қарғыс! Адамға жала жабу-қарғыс! Қап-қара болып кеткен жүректеріңмен Алланың алдына қалай барасыңдар! Алла берген бақты адам құрта алмайды! - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Ақбота Нұрабайқызы мен Нұрлан Еспановтың ұлы кездесіп жүргені рас па? (видео)
Танымал әнші шаңырақ көтерді (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×