Қазақстанда 2 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

Oinet.kz 01-06-2020 1428

2 маусымға жоспарланған шаралар

09.00 - Үкімет отырысы. Күн тәртібінде 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" жаппай кәсіпкерлік және жұмыспен қамту өнімділігін дамыту бағдарламасының орындалуы қаралады. Сондай-ақ, қалыптасқан жаңа жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы талқыланады (Трансляция PrimeMinister.kz сайтында, Mail.KZ және Aitube.kz порталдарында, үкіметтің YouTube пен Facebook, Twitter, ВКонтакте желілеріндегі парақшасында жасалады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 58 64, 75 00 10).

8991416.jpg

11.00 - Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы (БАҚ қатыспайды).

12.00 -  Дүниежүзілік банктің "COVID-19 және Орталық Азияның азық-түлік қауіпсіздігі" тақырыбында онлайн баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жетекші экономисі Сергий Зоря. Брифинг аясында коронавирус пандемиясының (COVID-19) Орталық Азия мемлекеттерінің ауыл шаруашылығына, азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық-импорттық әлеуетіне ықпал ету мәселелері қаралады. БАҚ-ты тіркеу үшін: +7 701 944 79 08 (WhatsApp, Telegram), email: media@askredpoint.com. Тіркеу кезінде онлайн баспасөз мәслихатына қосылуға болатын бірегей сілтеме жолданады. 

15.00 – Балалардың темекі шегу проблемасына арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтеді (Трансляция Қазақстандық баспасөз орталығының Facebook-тегі парақшасында жасалады. Сауалдарды WhatsApp  арқылы +7 701 749 02 00 нөміріне немесе Facebook-тегі видеоға пікір ретінде жолдауға болады).

5 маусымға жоспарланған шаралар

16.00 – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі. Сауал, ұсыныс-пікірлеріңізді министрдің "Ашық диалог" порталындағы жеке блогы мен e.surak@mcs.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызға болады.Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы мен Youtube арнасында тікелей эфирден көрсетіледі.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.  

Дереккөз: https://sputniknews.kz

Жанболат Мамайдың шын мәнінде кім екенін білесіз бе?
Қазақстанда тағы 263 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу