«Әйелдерді ұрып-соғуға болады» - деген профессор қызметінен кетті

Oinet.kz 05-06-2020 1391

"Көп әйел алуды қолдаймын, әйелдерді ұрып-соғуға болады және кейде ұру да керек", - деп әлеуметтік желіде пікір білдірген   Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ерлан Сүлейменов қызметінен кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Ерлан Сүлейменов төңірігіндегі дау бірнеше күн бұрын басталған болатын. Жас ғалымдар альянсының төрайымы Әсия Ермұхамбетова желіде университет қызметкері екеуінің пікір алмасқан жазбасын жариялады. Ол оқытушының сексистік, ұлтшылдық және арандатушылық тудыратын пікір жазғанын білдірді. Бастапқыда әйел Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында білім беру мәселелерін негізінен ер адамдар талқылағанын жазды. Ал оған Ерлан Сүлейменов бірден "Әйелдер өмір бойы өз жүктілігін зерттей алмай келеді. Қанша лайық болса, соншасы қатысып отыр", - деп жауап қатқан. 

Сонымен қатар, Ерлан Сүлейменов жақша ішіне "көп әйел алуды қолдаймын, әйелдерді ұрып-соғуға болады және кейде ұру да керек" деп жазды. Осыдан кейін әлеуметтік желіде профессорды сынағандардың қарасы өте көп болды. Олар университет қызметкерінің айтқанын "шектен шыққандық" деп бағалады. Осыған байланысты Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

- "Этика жөніндегі комиссия оның әрекетін адам мінез-құлқының стандарттарына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен Ерлан Сүлеймен қызметінен босатылды", - деді олар. 

«Дағдарысқа алғаш тап болып отырған жоқпыз» - Нұрсұлтан Назарбаев
Коронавирустан қайтыс болған түркістандық азаматтың туыстары бар шындықты ашық айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу