Берік Оспанов жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 09-06-2020 1020

«Nur Otan» партиясында ауыс-түйістер әлі жалғасып жатыр. Бүгін Саяси кеңес Бюросының шешімімен партия кураторларының құрамы жаңартылды. Бұл туралы партияның  Орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек атап өткендей, Елбасының бастамасымен партияның «қайта жандануы» аясында партиялық кураторлар арасында үш жылда бір рет жоспарлы ротация жүргізу туралы шешім қабылданған болатын.

Осыған орай Бейбіт Мамраев партия желісінде білім беру саласының кураторы болды. Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал секторларын қолдау секторын Артур Платонов қадағалайтын болады. Ал аграрлық секторға – Берік Оспанов. Партияның жетекшілігі арқылы жастарды қолдау мәселелерімен Геннадий Шиповский айналысады.

- «Барлық үміткерлер - біздің фракцияның Мәжілістегі жұмыс тәжірибесі мол  депутаттары. Мен әсіресе осы бағытта үш жылдан астам жемісті еңбек еткен кураторларға алғысымды білдіремін. Әбдіманап Бектұрғанов «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасын қараған жұмыс тобын басқарды. Жексенбай Дүйсебаев еліміздің ауыл шаруашылығы үшін маңызды «Жайылымдар туралы» заң жобасын ұсынып, оны басқарады. Айгүл Нұркина - ана мен баланы қорғау, инклюзивті білім беру және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу туралы заң жобаларының бастамашысы. Өзі кураторлық еткен қысқа мерзімге қарамастан, Жұлдыз Омарбекова Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізуге қатысты», - деді Бауыржан Байбек.

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары партиялық құрылымдардың форматы мен жұмыс әдістерін өзгерту қажеттілігіне назар аударды.

Оның айтуынша, сайлаушылармен неғұрлым белсенді жұмыс жасап, резонанс тудырған мәселелерге шұғыл мән беріп, уәкілетті органдарды тарта отырып шешім қабылдау керек. Бұл форматта жаңартылған партиялық бақылау комитеті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес, Отбасын қолдау, әйелдер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмыс істейді.

- «Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan»-ды қайта жандандыру туралы тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі таңда біздің қоғамдық кеңестеріміздің жұмысы күшейтілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес және Партиялық бақылау комитеті мемлекеттік бағдарламалар қатарында «Бес әлеуметтік бастама» жобасының іске асуын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды қосқанда шамамен 2,5 мың мәселені қарады. Жалпы, партиялық кураторлардың жұмысы барынша ашық болуы керек. Әркімнің әлеуметтік желілерде өз аккаунты болуы керек, өз жұмысын үнемі жариялап, адамдардың сұрақтарына жауап беруі керек», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Маскүнем ата-аналар төрт айлық егіздерді аштан қатырды, бір сәби көз жұмды
Шыңғысхан баба коронавирустың бітер уақытын айтып, аян берген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу