Бекарыс енді айтысты тастай ма?

Oinet.kz 20-01-2014 937


1436415679m2e7k.jpg

   Белгілі айтыскер ақын, қай додада болсын ауыздығымен алысқан арғымақтай топ жаратын Бекарыс Шойбеков «Нұр Отан» партиясының ең белсенді әрі еңбегі көп сіңген мүшесі екен. Оны осы жуырда білдік. Ұзақ жылғы еңбектің ескерілгені шығар, жуырда партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков оған партияның саяси кеңес мүшесінің куәлігін табыс етті...Осы ақпаратты естігенде екіұдай күйге түстік.

 Осыған дейін айтыста домбырасын сабалап-сабалап алып, анда-санда болса да биліктің бау-бақшасына тас лақтырып қоятын Бекарыс енді қайтер екен?  Айтысты қоя ма, әлде билікті сынауды қоя ма? Сынаса, биліктің партиясындағы жауапты қызметте отырған адамға бұл жараспайтын тірлік қой. Осыны білгендіктен бе, қазірдің өзінде айтысу төңірегіндегі бірді-екілі ұсыныстан бас тартуға көшкен сыңайлы.    

Саяси кеңес мүшелігінен орын алған Бекарыстың ойында не бар? Депутаттықтан немесе мемлекеттік қызметке барудан дәмелі ме? Әдетте, «Нұр Отанды» төңіректейтіндердің түпкі ойы осы ғой. Бәлкім,  әйтеуір бір септігі тиіп қалуы мүмкін деген пендешілік шығар.  Не болса да, онсыз да айтыс-тартысы басылмайтын, пендешілігі көптеу партиядағы мансабыңыз құтты болсын дейміз, Беке!

«Рейтинг» газеті қаңтар, 2014 жыл.

Мұсабаев мәңгілік адам ба?
Қарағанды кланы...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу